Жаңартылған оқу бағдарламасы
Деңгейлік курстан өткен мұғалімдерді курстан кейінгі қолдау мақсатында жұмыс жасап жатқан жалпы білім беретін орта мектептердегі №32 жетекші мектеп пен серіктес мектептер мұғалімдеріне арналған
«Жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасындағы өзара байланысты ұйымдастыру» атты семинар БАҒДАРЛАМАСЫ
Мақсаты:
- жетекші мектептердің жұмысындағы қиындықтарды анықтау — оларды шешу жолдарын іздеу
- серіктес мектептердің тиімді жұмысын ұйымдастыруда және үйлестіруде идеялар мен тәжірибе алмасу
- Ағымдағы оқу жылына арналған негізгі басымдықтарды анықтау
- жетекші және серіктес мектептердің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс сценарийін құру
Міндеттері:
- Жетекші мектеп қалай құрылады?Жетекші мектептің қызметінің мақсаттары мен міндеттері қандай?
- Жетекші мектептің үйлестірушілік қызметін талқылау
- Педагог кадрларды жетекші мектептермен қолдау көрсету жолдарын нақтылау;
- Өзара әрекеттесу нәтижелерінің дәлелі қандай болмақ? Жетекші мектептің жұмысын қалай тиімді етуге болады
Күтілетін нәтиже:
- Мұғалімдер жетекші мектептің қызметін білетін болады
- Бірлескен жұмыс ортасы құрылады,өзара сенімділік пайда болады
- Ағымдағы оқу жылына арналған негізгі басымдықтар анықталады
- жетекші және серіктес мектептердің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс сценарийі құрылады
- Педагог кадрларды жетекші мектептермен қолдау көрсету жолдары нақтыланып, жұмыс нәтижесі жарияланады
Семинар бағдарламасының құрылымы:
Семинардың ұзақтығы: 2 сағат.
Ұсынылатын әдебиеттер
- 2019-2020 оқу жылында қазақстан республикасының Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат, Нұр-Сұлтан қ., 2019 ж., 302 бет;
- Жалпы білім беру ұйымдары басшылыққа алуға тиіс нормативтік құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында (http://www.adilet.gov.kz) «ӘДІЛЕТ» Ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.
Оқу жоспары
№ | Сабақтың тақырыбы | Уақыт |
Жетекші мектеп дегеніміз не? Оның рөлі қандай? | 20 мин | |
Жетекші мектептер қызметінің мақсаты мен міндеті Жетекші мектептердің қызметі | 20 мин | |
Жетекші мектеп үйлестірушісінің құзыретіне не кіреді? Ынтымақтастық моделін қалай жүзеге асырады? | 15 мин | |
Педагог кадрларды жетекші мектептермен қолдау көрсету жолдарын қандай болмақ? | 25 мин | |
Жетекші мектептің жұмысын қалай тиімді етуге болады? Негізгі басымдықтарды анықтау, серіктес мектептердің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс сценарийін құру | 35 мин | |
Рефлексия: Екі стикер | 5 мин | |
Барлығы | 2 сағат |