«Серпін» желілік қоғамдастығы туралы

Оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, тәжірибені өзгерту арқылы кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіру мақсатында Алматы облысы Талғар ауданының №32 орта мектебінің жетекшілігімен «Серпін» кәсіби қоғамдастығы 2016-2017 оқу жылдарында құрылды. Казіргі уақытта жетекші мектептің директоры Катранова Айман Камшигеровна .Үйлестірушісі Наурызбекова Қуаныш Бакашаровна.Желілік қоғамдастықтағы серіктес мектептер  №20 ОМ, №13 ОМ, №10 ОМ

«Серпін» қоғамдастығындағы сертификатталған мұғалімдердің  желісі мұғалімдерді қоғамдастыққа біріктіру арқылы мәселені бірлесе шеше отырып білім беру мен  оқыту саласындағы кәсіби деңгейлерінің өсуімен қатар оқу процесіне қатысушылардың өзара әрекетін ұйымдастырады.

Сертификатталған мұғалімдер  сайтқа қызықты материалдарын жүктеп, өз тәжірибелерін тарату арқылы кәсіби өсу,тәжірибесінің жақсарғанын көрсете біледі.

Сертификатталған мұғалімдер желілік қоғамдастықтың  веб-сайты арқылы педагогикалық тәжірибені бірлесе жоспарлап,талдап,қорытындылап отырады.

Сайтқа мақала, құжаттар яғни үздік сабақтарының ,іс-шараларының,шебер сыныптар мен коучингтерінің жоспарларын  ғана емес фотосуреттер мен бейне материалдарын жүктей алады.