Коучинг LS
№32 жалпы білім беретін мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі
Аудандық семинар
Коучинг өткізген:
1.Сейдахметова Э.С баст сынып мұғалімі I деңгей
2.Айлшиева Р.Қ баст сынып мұғалімі III деңгей
3.Жолдыбаева С.Ә қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі I деңгей
Коучинг жоспары
Тақырыбы | Сабақты зерттеу- оқытуды жақсартудың кепілі | |
Мақсаты | Мұғалімдерге оқушыларды зерттеуге, қызығушылығын арттыруға, білім сапасын көтеруге, мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуға, бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік беретін педагогикалық тәсіл туралы түсінік беру. Мұғалімдерді болашақта мектебімізде Lesson Study-сабақтарын ұйымдастырып, өткізуге ықпал ету. | |
Оқу нәтижесі | «Lesson Study» әдісі туралы түсінік қалыптасады, • Шығу тарихы, таралу елдері туралы мағлұмат алады. • Бұл тәсілдің мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтарымен танысады. • Өз тәжірибелерінде қолдануға бағыт- бағдар алады, сыни ойлаулары дамиды. | |
Түйінді идеялар | Lesson study — сабақты зерттеу, зерделеу, білімді жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәсіл | |
Сабақта қолданылатын материалдар | Слайд-презентация, видеожазба, тренингтер, маркерлер, үлестірме материалдар | |
Ұйымдастыру формасы | Топтық жұмыс. Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі | |
Дерек көздері | Әдістемелік нұсқау. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. | |
Түрткі сұрақтар | Берілген материалды барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба? 2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны қамтып, бақылау жасауға мүмкіндік бола ма? 3. Берілген материал бойынша сұрақтарға барлық оқушы өз пікірлерін білдіріп, жауап беру үшін не істейсіз? 4. Мұғалімге өз сабағында барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндік бар ма? 5. Қабілет дағдысы орташа немесе әлсіз оқушыларға көмек, қолдау көрсетуде қандай әдіс-тәсілдер қолданар едіңіз? 6. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты зерттеп, бақылауда басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасайсыз ба? 7. Сабақ барысындағы оқушының іс-әрекетін зерттеу сапалы білім берудің -кепілі деген пікірмен келісесіз бе? Неге? 8. Сыныптағы оқушыларды зерттеу барысында сізгі қандай іс-әрекеттерді жүргізу маңызды деп ойлайсыз? | |
Тапсырмалар | Топтық талдау, салыстыру, зерттеу, сыни ойлау. | |
Коучинг барысы | Коуч әрекеті | Мұғалімдердің әрекеті |
Ұйымдастыру бөлімі 5 мин. Топқа бөлу | Тренинг « «Күлімсіре,таныса отыр» Мұғалімдерге сұрақтар жазылған қағаздар жапсырылған конфеттер ұсынылады. | Мұғалімдер тренингке қатыса отырып, жағымды әсер алады. Қатысушылар конфеттегі қағаз түстеріне қарай топтарға бөлінеді. |
Түрткі сұрақтар минут | Мұғалімдерге әртүрлі түрткі сұрақтары беріледі және олдардың ой-пікірлері тыңдалады топ 1.Берілген материалды барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба? 2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны қамтып, бақылау жасауға мүмкіндік бола ма? 2-топ 1. Берілген материал бойынша сұрақтарға барлық оқушы өз пікірлерін білдіріп, жауап беру үшін не істейсіз? 2. Мұғалімге өз сабағында барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндік бар ма? 3-топ 1. Қабілет дағдысы орташа немесе әлсіз оқушыларға көмек, қолдау көрсетуде қандай әдіс-тәсілдер қолданар едіңіз? 2. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты зерттеп, бақылауда басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасайсыз ба? | Мұғалімдер конфеттерге жапсырылған қағаздардағы сұрақтарды оқып, өз ойларын білдіреді. |
Мағынаны тану Видеоролик көрсету 10 мин Презентация арқылы таныстырылым | Видеороликті көріп болған соң мұғалімдерге сұрақтар беру арқылы олардың ой –пікірлерін тыңдау.(жапондық Lesson study әдісі) 1.Сіздер бұл видеороликтен қандай іс –әрекеттерді байқадыңыздар? Олай болса, әріптестер, біз оқытудағы мұндай әдісті Lesson study әдісі деп атайды екенбіз. Арнайы дайындалған презентация арқылы «Lesson study» әдісі туралы қысқаша түсінік береу,пікір алмасу | Әріптестер бейнефильмге өздерінің пікірлерін, көзқарастарын білдіреді. Презентацияны көріп, тыңдау барысында Lesson study әдісі туралы түсініктері қалыптасады. |
Сергіту сәті 2 мин | Видеоролик «Мұғалімнің бір жылы» | Қатысушыларға жағымды көңіл – күй сыйлау |
Ой толғаныс Топтық тапсырма 15 мин | Мұғалімдерге үлестірме материалдар беріледі. (МАН ) 1-топ: LS-дың мақсаты және оны жүргізу 2-топ: 1-ші LS-ды жоспарлау, «бақылаудағы» оқушыларды анықтау және өткізу 3- топ: 1-ші LS-ды талқылау, оқушылардың пікірін білу. Әріптестерді нәтижелермен таныстыру және оны мектеп бағдарламасына енгізу | Мұғалімдер материалдармен оқып, танысып, өз түсініктерін постерге түсіріп,оны топтың бір мүшесі таныстырады, қалғандары басқа топтардың таныстырылымын сағат тілінің бағыты арқылы тыңдайды. |
Бағалау 5 мин | Бақылаушыларды тыңдау. | |
Рефлексия 5 мин | Не?Нені?Қалай? | ауызша |






1-топ
1.Берілген материалды барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба?
2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны қамтып, бақылау жасауға мүмкіндік бола ма?
2-топ
1.Берілген материал бойынша сұрақтарға барлық оқушы өз пікірлерін білдіріп, жауап беру үшін не істейсіз?
2. Мұғалімге өз сабағында барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндік бар ма?
3-топ
1.Қабілет дағдысы орташа немесе әлсіз оқушыларға көмек, қолдау көрсетуде қандай әдіс-тәсілдер қолданар едіңіз?
2. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты зерттеп, бақылауда басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасайсыз ба?
Қызыл-сары түс- адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар — кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар
Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны. Күлгін түс — адамның тілегені мен қиялындағысы ақиқатқа айналады деген үміттің нышаны. Асыл арман мен көркем қиялдың түсі. Бұл түсті таңдағандар тек өзгелерді таң қалдырғысы немесе сүйсіндіргісі келмейді, өзін де таң қалдырғандығын қалайды. Сондай–ақ, бұл түсті мектеп оқушылары, аяғы ауыр әйелдер таңдап жатады. Оларға әлем сиқырлы, бар нәрсеге қол жеткізуге болатындай болыпкөрінеді.