Жаңартылған оқу бағдарламасы

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдерді курстан кейінгі қолдау мақсатында жұмыс жасап жатқан жалпы білім беретін орта мектептердегі №32 жетекші мектеп пен серіктес мектептер мұғалімдеріне арналған

«Жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасындағы өзара байланысты ұйымдастыру» атты семинар БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты:

  • жетекші мектептердің жұмысындағы қиындықтарды анықтау — оларды шешу жолдарын іздеу
  • серіктес мектептердің тиімді жұмысын ұйымдастыруда және үйлестіруде идеялар мен тәжірибе алмасу
  • Ағымдағы оқу жылына арналған негізгі басымдықтарды анықтау
  • жетекші және серіктес мектептердің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс сценарийін құру

Міндеттері:

  1. Жетекші мектеп қалай құрылады?Жетекші мектептің қызметінің мақсаттары мен міндеттері қандай?
  2. Жетекші мектептің үйлестірушілік қызметін талқылау
  3. Педагог кадрларды жетекші мектептермен қолдау көрсету жолдарын нақтылау;
  4.  Өзара әрекеттесу нәтижелерінің дәлелі қандай болмақ? Жетекші мектептің жұмысын қалай тиімді етуге болады

Күтілетін нәтиже:

  • Мұғалімдер жетекші мектептің қызметін білетін болады
  • Бірлескен  жұмыс ортасы құрылады,өзара сенімділік пайда болады
  • Ағымдағы оқу жылына арналған негізгі басымдықтар анықталады
  • жетекші және серіктес мектептердің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс сценарийі құрылады
  • Педагог кадрларды жетекші мектептермен қолдау көрсету жолдары нақтыланып, жұмыс нәтижесі жарияланады

Семинар бағдарламасының құрылымы:

Семинардың ұзақтығы: 2 сағат.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. 2019-2020 оқу жылында қазақстан республикасының Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат, Нұр-Сұлтан қ., 2019 ж., 302 бет;
  2. Жалпы білім беру ұйымдары басшылыққа алуға тиіс нормативтік құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтында (http://www.adilet.gov.kz) «ӘДІЛЕТ» Ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.

Оқу жоспары

Сабақтың тақырыбыУақыт
 Жетекші мектеп дегеніміз не? Оның рөлі қандай?20 мин
 Жетекші мектептер қызметінің мақсаты мен міндеті Жетекші мектептердің қызметі20 мин
 Жетекші мектеп үйлестірушісінің құзыретіне не кіреді? Ынтымақтастық моделін қалай жүзеге асырады?15 мин
 Педагог кадрларды жетекші мектептермен қолдау көрсету жолдарын қандай болмақ?25 мин
 Жетекші мектептің жұмысын қалай тиімді етуге болады? Негізгі басымдықтарды анықтау, серіктес мектептердің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс сценарийін құру35 мин
 Рефлексия: Екі стикер5 мин
Барлығы2 сағат