Шеберлік құпиялары
Сабақты зерттеу шебер сынып
Сабақты зерттеу тәсілін мектеп тәжірибесіне енгізу
Шебер сыныптың мақсаты — оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру үшін Lesson Study үдерісін қалай жүргізуге болатыны жөнінде мәлімет беру; Іс – әрекеттер негізінде тәжірибемен алмасу, оқытуда ынтымақтасу;
Меніңмақсатым – сіздерменжұмысжүргізуарқылытәжірибеменбөлісіп,идеялар мен көзқарастарұсыну. Бір-бірімізге қолдау көрсету арқылы үйренудің ұят еместігін, үйретудің артықшылық еместігін түсіну
Зерттеу жұмысымен айналысасыздарма?
Lesson study/зерттеу сабағы

Не кедергі болады?

Lesson Study қандай мақсатпен жүргізу қажет?
Оқушылардың білім алғандығының анағұрлым анық әртүрлі
қырларынан және егжей-тегжейлі көру
Оқыту нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша
қанағаттандыратындай етіп қолайлы жоспарлау
Lesson Study – дің басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу
және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылады.
Ұсынылатын әрекеттер

Сабақты зерттеуді жүргізу

Lesson Study-діжоспарлау
І.Сабақты зерттеу тобын құру
— Ортақ қызығушылығын ескеру керек
— Топ мүшелері ерікті түрде тартылуы керек
— Келісім шартқа отыру

-Зерттеу нысанын белгілеу (сыныбы,А,В,С оқушылар)
— Кездесу кестесін құру — Топ мүшелерінің рольдерін бөліп беру
ІІ. Топ ережесі
-Бірге жұмыс істейміз деген уақыттан себепсіз кешікпеу және одан қалмау;
— Қысқа және тек қана көтеріліп отырған мәселе бойынша сөйлеу;
-Әріптестерді сыйлау (сөзін бөлмеу, босқа сөйлемеу, әріптесіңнің ұнамайтын пікіріне де шыдамдылық таныту);
-Уақытты бағалау;
-Мойынға алған жұмыстарды дер кезінде орындау;
-Бірлесе жұмыс жасау.
ІІІ.Мәселені анықтау
Сабақтағы зерттеуге қатысатын мұғалімдер/мұғалімдер деректерге сүйене отырып/ нені зерттеу керектігін келіседі.
Зерттеуге мынандай проблемалардың бірі алынуы мүмкін:
· Оқушылардың топтық жұмысы;
· Сабақта оқушылардың диалогын ұйымдастыру;
· Оқушыларға қойылатын сұрақтардың түрлері және деңгейі;
· Оқушылар жауаптарының мазмұны мен деңгейі;
· Сабақтағы кері байланыс;
· Сабақта АКТ-ны пайдалану;
· Оқушылардың білімін бағалау;
· Сабақтағы зерттеушілік әңгіме;
· ……. жастағы оқушылардың танымдық ерекшеліктері;
· Сабақ барысындағы көшбасшылық;
· Сабақ барысындағы ойындардың(танымдық, рольдік және т.б.) рольі;
· Оқушылардың рефлексия, эссе жазуға үйренулеріне жағдай туғызу;
· Әр деңгейдегі тапсырмалар;
· Сабақ барысында «Оқушы үнін» ескеру және т.б.
ІV. Зерттеу сұрағын анықтау
Сабақтағы зерттеуге тиісті тақырыпты мұғалімдер тобы оның мектеп, сынып және өз тәжірибелері үшін маңызына, өзектілігіне, қажеттілігіне қарай таңдайды. Ары қарай оны әр мұғалім зерттеуі қажет(әрине, оған белгілі бір уақыт керек )
V.Тиімді әдісті таңдап алу
VІ.Бұған дейінгі өткізілген сабақтар мен зерттеулерді зерделеу
1.Тәжірибелі адамдардан кеңес алу
2.Жоспарланбаған сабаққа қатысу
3.Қосымша ақпараттарды жинақтау
4. Сол мәселеге байланысты әдебиеттерді оқу.
Сабаққа шамамен бір ай қалғанда:
— Сабақтың қай күні өтетінін нақты шешу
— Тоқетер пікірін айтатын тәлімгер шақыру.
— Сабақтан кейінгі талқылауға қатысатын «пікірталас төрағасын» (модераторын) таңдау.
— Сабақты зерттеу үдерісінің нәтижелерін жариялайсыз ба, әлде жоқ па екенін шешу.
VІІ.Сабаққа 1 апта қалғанда:
— «Қателіктерді» тексеру үшін және тақтада жоспар құру үшін сабақты жоспарлау тобымен модельдеу.
-Басшылыққа алу керек: Оқу бағдарламасы мен бөлімнің байланысы (оқушылардың қандай тақырыпты өтіп жатқанын анықтау үшін оқу бағдарламасынан бастау);
-Сабақ мақсаты мен міндеттеріне, сабақ мазмұнына, сабақ бөліктеріне (проблеманы айқындау кезеңі, проблеманы шешу кезеңі, проблема шешімін қолдану кезеңі);
-Сабақ жоспарын тәлімгерге жіберу (соңғы нұсқасы болмаса да).
-«Кәмпит» жоспарлау және барлығын шақыру! (Орынды мұғалім таңдайды.)
-Сабақтан кейінгі талқылау кезінде ескертпелерді жазып отыратын жауапты тұлғаны белгілеу Басқа топтың мүшесінен көмек сұрау.
VІІІ. Сабаққа 1-3 күн қалғанда:
-Сабақ материалдарын дайындау (үлестірме материал, керекті заттар, постерлер).
-Қадағалаушыларға арналған үлестірме материалды дайындау:
— парақтың бір жағына ғана басылған сабақ жоспарының соңғы нұсқасы (сонда адамдар ол қағаздың екінші жағын ескертпелерін жазуға пайдалана алады);
— оқушыларға арналған үлестірме материалдың көшірмелері (қағаз үнемдеу үшін қысқартуға болады);
-Сабақтан күтілетін нәтижені нақтылау
-Бақылау парақтарын дайындау;
-Сабақта және одан тыс уақытта оқушыларға ұсынылатын ресурстар (оқушыларға қойылатын сұрақтар, қосымша тапсырмалар, отыратын орындардың сызбасы) болу керек. Қадағалаушылар сіздің ұсыныстарыңызды алдын ала оқи алуы үшін оларға оны электронды поштамен жіберу/тарату
Зерттеу сабағын өткізу және қадағалау нұсқаулығы
Сабақты зерттеу бірлесіп жоспарлағандықтан, ол топтың бірлескен меншігі болып табылады. (П.Дадли, 2013 ж.) Зерттеу сабағы әрбір қадағалауды бақылаудағы бір оқушыға негіздей отырып бастаса, кеңіннен бақылау аясын кеңейту арқылы топтың немесе сыныптың толық қамтылуына ұмтылу керек.(П.Дадли, 2013 ж.)
Зерттеу сабағын қадағалауға қатысқан мұғалімдер көп тәжірибе алады. Бұл мұғалімдердің қадағалау қабілетін шыңдаумен қатар, оларға оқу үдерісін ішінен тануға, оқушылардың санасында жүріп жататын ойлау үдерісін танып білуге мүмкіндік береді.Мұғалімдер күнделікті сабақ барысында көп істі қатар алып жүргендіктен, оқушыларды терең зерттеуге мүмкіндік алмайды.
Сабақты өткізетін мұғалімнің міндеті:
Зерттеу сабағын әзірлегенде зерттеу тобымен бірлесіп жасаған жоспарға сүйеніңіз.Оқушыларыңызға бақылаушы мұғалімдерді таныстырыңыз, бірақ сабақ үстінде ол әріптестеріңізбен қарым-қатынас жасаудан алшақ болыңыз.
Сабағыңызда болжамдап енгізетін өзгерістерді зерттеу сабағын жоспарлау кезінде талқылап алыңыз. Болжамдаған өзгерістер аздаған болу керектігін ескеріңіз, — қомақты өзгеріс бақылаушы мұғалімге деректер жинау жұмысында табысты болмауы мүмкін. Сабаққа енгізетін өзгерістер оқушының мінез-құлқына, оқу материалын қабылдауға еш нұқсанын келтірмеу керек. Сондықтан сабақ өткізетін мұғалім сабақ жоспарлау кезінде аса мұқияттылық танытқан жөн.
Қадағалаушы мұғалімнің міндеті:
Зерттеу сабағы барысында оқушылардың нақты қылықтары мен әрекеттеріне назар аударыңыз.Оқушылардың сабақтың әрбір кезеңінде берген жауаптарын тіркеп отырыңыз. Бұдан нәтижелердің болжанған нәтижеге қаншалықты ұқсас немесе олардан өзгешеленетінін көруге болады.Бақылау кезінде зерттеу сұрағы төңірегінде нысандарды айқындап алыңыз. Сабақтан кейінгі сұхбат кезінде оларға қандай сұрақ қоятыныңыз жайлы ойланып қойыңыз. Қадағалаушы мұғалім ретінде ойларыңызды үнемі жазып алып отырыңыз.
Зерттеу тобының мүшесі ретінде осыларға назар аударыңыз:
-Сабақ кезінде артық әңгімені азайтқаныңыз жөн.
-Сабақтың барлық кезеңдерінде толық қатысып, сабақ барысын, сақталуын мұқият қадағалап кетіңіз.
-оқушыларға тақтадан немесе мұғалімнің басқа жерлерге жазған көрнекіліктерін көруге кедергі жасамаңыз;
-сабақ үстінде оқушылармен қарым-қатынасқа түсүден аулақ болыңыз.
Қадағалаушы мұғалімге сабақ үстінде оқушылардың нақты қылықтары мен әркетеріне назар аударады.
Сабақтың әр кезеңінде берген жауаптарын дұрыс тіркеп отырыңыз , осы арқылы бұл нәтижелердің болжанған нәтижеге қаншалықты ұқсас немесе олардан қаншалықты өзгешеленіп тұрғанын анықтайсыз.
Зерттеу сабағы «топтың бірлескен меншігі»(Дадли,2013) болып табылатындықтан, сіз қадағалаушы мұғалім ретінде оқушының сабаққа қалай араласатынына және оның оқуына көңіл бөліңіз.Қадағалау барысында оқушыларды әңгімеге тарта бермеңіз, өйткені ол оқушыны алаңдатады.
Зерттеу сабағы өтіп жатқанда, қадағалаушы мұғалім сынып ішінде жүрмеуі тиіс. Егер қадағалаушы мұғалім бірнешеу болса, сыныптың қабырғасының бойында тұру қажет. Қадағалауға алынған оқушының қасына тым жақын бармау керек.Сіздің мұқияттылығыңыздан зерттеуге алған және басқа да оқушылардың сабақтағы тәртібі, сабаққа қатысуы туралы ауқымды ақпарат жиналуы мүмкін. Сабақты қадағалаған кезде аса мұқияттылық пен жауапкершілік танытыңыз. Сабақты зерттеу барысында оқушыдан күтпеген көп нәрселерді аңғаруға тырысыңыз.Оқушлардың айтқаны мен «ойларын» мұқтят тыңдауға тырысыңыз.
Қадағалауға алынған оқушы құбылысты қаншалықты терең түсінгенін немесе қате түсінгенін аса мұқияттылықпен қадағалап, дәптеріңізге түртіп отырыңыз.Оқушының тапсырманы қанша уақытта орындағаны, қанша уақыт бос отырғаны туралы дерек сіздің қадағалауыңызда болу керек.Оқушыларға табысқа жетуге көмектескен немесе керісінше кедергі келтірген факторларды ескеруге ұмытпаңыз.
Зерттеу тобы мұғалімдерінің назарына:
-қадағаланатын оқушылардың сабаққа араласу белсенділігін бақылаңыз
-оқушылардың қойған сұрағына зер салыңыз
-мұғалімнің қойған сұрақтарын назарда ұстаңыз
-өз ойларын ерік айтқанда неше ұл және неше қыз айтқанын ескеріңіз
-оқушылардың эмоцияларында өзгеріс болған- болмағанын бақылаңыз
-оқушы қалай өзгере бастағанын назардан кетіріп алмаңыз
Зерттеу аяқталған соң сабақта оқушылардың не пайдалы болғаны , не білгені туралы пікірлерін жинаңыз.Егер сабақ тағы бір рет өткізілсе, қадағалаушы оқушыдан сұхбат алып, нені өзгертуге болады екенін біліңіз.


Ұсынылатын кеңес

Бақыланатын оқушылар

Не бақыланады?

Нәтижелерді бақылау

Оқушылардан сұхбат алу
Сұхбат құрылымдалған және құрылымдалмаған болып жіктеледі
*Құрылымдалған сұхбат нақты белгіленген сұрақ жиынтығынан тұрады.
*Құрылымдалмаған сұхбатта алдын – ала дайындалған сұрақтар жиынтығы, бірақ сұхбат барысында қосымша сұрақ пайда болуы мүмкін
*Сұхбат ұзаққа созылмай бес минуттан аспағаны дұрыс
*Сұхбатты Lesson Study аяқталғаннан кейін өткізген дұрыс
*Зерттеу тақырыбы бойынша жоспар дайындағаннан кейін, сұрақтар тізбегін құру қажет
*Сұрақтарды сұхбат жүргізгенге дейін сынақтан өткізіп алған жөн.
*Сұхбатқа дейін оқушылармен байланыс орнатып, жайлы ахуал құру
*Бақылаудағы оқушымен қатар басқа оқушылардан да жауап алынады
*Сұхбатты оқушылармен бір уақытта немесе жеке — жеке жүргізуге болады
*Оқушылардың жауаптарына кедергі келтірмеу
*Өзіңіздің жазбаларыңызда олардың кейбір жауаптарын түртіп алуға тырысыңыз
*Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында әр сұрақтан соң кері байланыс жасау
Сабақтың нәтижесі

Талқылау барысы

Сабақты зерттеу кезеңдері

Нәтижелер

Нәтиженің дәлелдемелері

Топтық жұмыс
1.LESSON STUDY менің тәжірибемде
2.LESSON STUDY зерттеу сабағы туралы
3.LESSON STUDY қорытындысының нәтижелері
Қолданылған әдебиеттер


«Мен бәрін түсіндім, өзгеге көмек көрсете аламын»
«Мен тақырыпты түсіндім. LS –ды өткізуге қарсы емеспін»
«Мен тақырыпты түсінген сияқтымын, бірақ маған көмек қажет»
Кері байланыс
— Бүгінгі семинардан үйренгеніңіз бар ма? Бар болса, не үйрендіңіз?
— Семинар бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
— Келесі жолы қандай мәселелерге аса назар аудару керек деп ойлайсыз?
— Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?
— Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
— Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?
— Семинардың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз бар?